Шардара ауданында медициналық ситуациялық орталық орталық жұмысын бастады

476

Шардара ауданында медициналық ситуациялық орталық жұмысын бастады. Мақсат емдеу мекемелерінің жұмысын бақылау. Бұл жүйе ақ халаттыларды қадағалауға ғана емес, науқастарға көрсетілетін қызметтің сапасын да жақсартады дейді жауаптылар.

Түркістан облысында медицина саласы мамандарының қызметін бақылауға бағытталған арнайы жоба іске асуда. Ситуациялық орталық Шардара ауданынан ашылды.

Бұдан былай арнайы топтар медициналық ұйымдарды бақылап отырады. Жұмыс күні соңында мамандар өз қорытындыларын жасайды. Бұл науқастарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартады дейді жауаптылар. Алдағы уақытта мұндай орталықтар өзге де аудандардан ашылады деп отыр. Жоба әзірге пилоттық режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер тексеру жұмыстары басталды, енді мониторинг қорытындыларын жиі жариялап отырамыз дейді.

Ақ халаттылар цифрландыру жүйесін тиімді пайдаланып отыр. Мамандар «DamuMed» мобильдік ұсынысын іске асырған. Смартфонға жүктеуге болатын бұл жүйе арқылы дәрігерге жазылуға, сараптама қортындылармен танысуға, шұғыл көмек шақыруға болады екен.

Мақпал Рысбаева