Шымкентте тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі артып келеді

457

Бүгінде Шымкент қаласында құрылыс индустриясы қарқын алып келеді. Қаланың әртарабында көпқабатты тұрғын үйлер көкке мойын созып, молаю үстінде. Бұл өз кезегінде құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компаниялардың ісінің ілгерілеуіне де септігін тигізуде.

Қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысына  2511,6 млн. теңге салынған, бұл өткен жылғы жыл басындағы жағдайға қарағанда 130 пайызға өскендігін көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 8,9 пайызды құрады.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 96 пайызды құрайтын меншікті қаражат болды. 2019 жылғы қаңтар-ақпанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 56,7 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 13,2 мың шаршы метрді құрап отыр.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2018 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 103,1 пайызды құрады. 2019 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындары 107 мың теңгені жұмсалса, қарапайым халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 44,9  мың теңгені құрап отыр.

 

 

 

stat.gov.kz