Шымкенттік полицейлер бір отбасыны татуластырды

285

Қаратау АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Б.Тойшиева мен учаскелік полиция инспекторы Б.Мамеков Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының» мамандары, Қаратау ауданы әкімшілігінің социолог маманы, Қайтпас-1 елді мекенінің ауыл билерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында бес балалы Д. есімді азаматшаның көмекке жүгінуіне байланысты, отбасыны қайта табыстыру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Полиция қызметкерлерінің арқасында бүгінде осы отбасы тату-тәтті өмір сүруде.