Төлеби ауданында еңбек қатыстары жайлы семинар және қабылдау өтті

303

Еңбек министрлігі мен кәсіподақ федерациясымен былтыр қолға алынған еңбек шарттарын түзу бойынша акция биылда жалғасуда.

Төлеби ауданы әкімдігінде аумақтық кәсіподақ бірлестігінің өкілі қабылдау жүргізуде

Еңбек қатынастары туралы толыққанды түсініктеме беру мақсатында Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мамандары Төлеби ауданында іс шара өткізді. Жеке азаматтар мен мекеме қызметкерлерін қабылдау барысында сала мамандары жұмысқа қабылдау барысында еңбек шарттары мен ұжымдық шарттарды түзу бойынша және де қызметкерлердің құқықтары жайлы сұрақтарға жауап берді.

Есенкүл Оспанқызы

Есенкүл Оспанқызы, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы: «Кәсіподақ мүшелеріне демалыс орындарына жолдама беру  жолдары жайлы сұрағыма толыққанды жауап алдым. Көшпелі қабылдаулар өте маңызды. Біз сала мамандарынан көкейіміздегі сұрақтарға жауап аламыз».

Шара барысында төлебиліктер өндіріс орындарында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жайлы қолданыстағы заңдардан құлақтандырылды. Жазатайым оқиға орын алған кезде қызметкердің құқығын қорғалуын, жалақыны уақытылы төленуін қамтамасыз ететін басты құжат еңбек, ұжым шарты.

Серік Әуесхан

Серік Әуесхан, Шымкент қаласы бойынша аумақтық
кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары: «Еңбек министрлігі мен кәсіподақ федерациясымен республикада еңбек шарттары бойынша акция бастауын алған. Төлебиліктер жақсы нәтижемен 2 жарым мың 17 мекемеде еңбек шарты түзілген.

Еңбек қатынастары жайлы семинар өтуде

Ауданда өндіріс орны, шаруа қожалығы, мекемедегі қызметкерлердің құқығының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қатынастары жайлы арнайы семинар да ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша еңбек туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Шынар Оразова