ХҚКО-да азаматтарды тіркеу демалыс күндерінде де жүзеге асырылады

208

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттандыру және азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу демалыс күндерінде де жүзеге асырылады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған арнайы көмекті алу үшін жер-жерде тіркелу жүріп жатқаны белгілі. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтінішпен кеп жатқандардың легі көп болуына байланысты құжаттарды қабылдау және тіркеу 1-ші сәуірге дейін алдағы демалыс күндерде де жүзеге асырылады.

Ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін жер-жердегі ХҚО-ларда миграциялық қызмет өкілдерінің саны көбейтілді. Тұрғылықты жерге тіркелу және жеке куәліктерді рәсімдеу бойынша азаматтардан құжаттарды қабылдау күн сайын 9.00 ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.

 

QAINAR KÓZҚазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі