Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау жәйті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

403

15 наурыз күні, Шардара АПБ кезекші бөліміне кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің өз үйінің ауласында асылып қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Бұл жәйт Шардара АПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105 б. «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді.

Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы полиция қызметкерлерімен тергеу барысында анықталады. Іс ТО Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ТО ПД баспасөз қызметі.