Ақтөбеде өртенген автобусқа қатысты тағы бір адам сотқа тартылуда

153

Ақтөбе облысында өртеген автобусқа қатысты кезекті сот отырысы өтті. Көлік құралының тіркелу куәлігіне сенімхат берген азамат тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Алайда айыпталушының адвокаты тағылған айыппен келіспейді. Сарыағаш ауданында өткен сот отырысына БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Алайда көптеген жәйттар сол ортада белгілі болды.

52 адамның өмірін жалмаған автобусқа қатысты сот әлі жалғасып жатыр. Көлікқұралының тіркелу куәлігіне сенімхат берген азамат тағылған айыппен мүлдем келіспейді. Адвокттың сөзінше, ер адамды бірнеше ай бұрын тұтқындаған.

Гүлнар Мыңбаева, адвокат: «Оған ҚР ҚК- нің 348 бабының 4 бөлігімен айып тағылуда. Жүруге жарамсыз автобусты жолға шығуға рұқсат бергені үшін. Тергеу барысында анықталғаны менің қорғауымдағы адам Пернебековке 2014 жылы сенімхат негізінде автобусты берген. 2015 жылы сақтандыру полисінің негізінде Пернебеков автобусты иеленген. Ол 2018 жылы ҚР ҚК-нің 348 бабының 4 бөлігі бойынша сотталған болатын».

Сот процесіне БАҚ өкілдері кіргізілмеді. Себебі, айыпталушы тарап қарсылық білдірген. Сондай-ақ, куәгерлердің келмеуіне байланысты, сот мамыр айының 16-шы жұлдызына шегерілді.

Зауре Алсеева, судья: «Қазіргі уақытта Сарыағаш аудандық сотында ҚР ҚК-нің 348 бабының 4 бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Осы іске қатысты аудандық сот іс аяқталғанша қандай да бір ақпарат бере алмайды».

Естеріңізге салайық, өткен жылы Шымкент-Самара тас жолында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқан болатын. Үш жүргізуші 5 жылға, ал жолаушы тасымалдайтын компанияның құрылтайшысы мен механигі 3,5 жылға сотталған еді.

Ғалымжан Кенжебек