Алдағы күндері күн күрт суытады

206

Табиғат аясына серуен құруды жоспарлағандардың құлағына «алтын сырға». Алдағы күндері күн күрт суытып, жаңбыр, бұршақ, екпінді жел соғады деп күтілуде. «Қазгидромет» осылай деп ақпарат таратты. Орталықтан келіп түскен хабарламада 30 сәуір мен 2 мамыр аралығанда еліміздегі ауа райының күрт өзгеретіндігі жазылған.

Синоптиктердің болжауынша 30 сәуірде, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып, жауын-шашынды болмақ.

1-мамыр күні батыста күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылынады.
Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұл күні екпінді жел соғып, жауын-шашын түседі. Жауынның арты қарға ұласады. Түнде көктайғақ пен тұман күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да ауа температурасы көңіл көншітпейді. Мұнда да жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді. Жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, желдің екпіні күшейеді. жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады деп күтілуде.

2 мамырдан бастап еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.