«Бақытты отбасы» жобасы аясында атқарылар шаруа көп

264

Бұрынғыдан өзгерек жоба әлеуметтің әлсіз тобын қолдауға бағытталған. Жоба аясында баспанамен қамту да назардан тыс қалмақ емес. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша бүгінгі күнге 32 559 азаматқа кеңес беріліп, оның ішінде 17 582 отбасының өтініші тіркелді.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында өткен кезектен тыс 18-ші конференциясында мәлім етті.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді.

Алдағы уақытта «Бақытты отбасы» жобасының жемісін көретіндердің қатары арта түспек деген сенім бар.