Биыл Шымкентте ішкі орамдағы 26 көше жөндеуден өткізілмек

197

Миллиондар мекені үшінші мегаполистің мэрі Ғабидолла Әбдірахымов инстаграмм әлеуметтік желісінде парақша ашқалы бері жазылушылар саны 41 200 –ге жетті. Қала әкімі шаһардың шырайына шырай қосатын жағымды жаңалықтарды жариялай салысымен жазылушылар пікірлерін, тілектерін жазып қалдыруда.

Қалабасы бүгін биылғы жылы орташа жөндеу жасалатын, асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілетін ішкі орам көшелердің тізімін жариялады. Биыл қаладағы ішкі орамдарда 26 көше жөндеуден өткізілмек. Тізімнің басында Солтүстік батыс шағынауданындағы Талас, Аламан көшелері тұр.

Қала әкіміне өз мекендеріне асфальт төсеп беруін өтініп, жазба қалдырғандардың қатары көп. Олардың арасында «Тұран» және «Самал 3» шағынауданының тұрғындары белсенділік танытыпты.