«Отырар» медиахолдингі көтерген мәселе шешімін тапты

456

Бүгін «Отырар» телеарнасының ресми сайтында Түлкібас ауданына қарасты «Тастұмсық» елді мекенінде орналасқан мазарат аумағында күл-қоқыс пен мал өлекселері жатқаны туралы мақала жарық көрген болатын. Ауыл тұрғындарының шағымына орай тілшілер мәселе көтерген-тін.

 

 

 

 

Арада аз уақыт өтпей ауылдық округ әкімдігінің тарапынан аталған аумақта тазалық шаралары жүргізілгендігі жөнінде арнайы хат келіп түсті. Мәтінді өзгеріссіз беруді жөн көрдік.

«Мақалада көрсетілген мазарат аймағының күл-қоқысын тазалау мәселесі наурыз айында жергілікті ауылдық округ әкімдігі тарапынан сол маңайдағы мал шаруашылығымен шұғылданатын жеке кәсіпкерлердің басын қосып, тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткізілген.

Алайда, көктемгі жауын-шашынның себебінен бүгінгі күнге дейін тазалық жұмыстарын іске асыру мүмкін болмаған. Қазіргі таңда мазарат аумағында ауыр техника және жергілікті тұрғындардың атсалысуымен толық тазалық жұмыстары іске асырылды».
Қоғамның қоңырауы болған қалам ұстаған қауым ауыл-аймақтың мәселесінің шешімін табуына мұрындық болып келеді. Бұл да болса атқарылған аз ғана жұмыстың бір көрінісі.