Полицейлер көшеде қабылдау жүргізуде

332

Полиция қызметкерлері халыққа біртабан жақындады. Бұған дейін тек департаменттен табылып келген мамандарды 2 күн қатарынан көшеде кездестіре аласыз. Ашық аспан астында жайғасқан құқық қорғау органдары елді мазалаған сұрақтардың барлығына жауап беріп жатыр. Айта кетейік, мұндай бастама қаламызда алғаш рет өткізілуде.

Әдетте жайлы кабинеттен табылатын мамандар бұл жолы халықты ашық аспан астында қабылдауда. Үйреншікті емес көрініске өткен, кеткендер де таң қалысып қарауда. Ал, құқық қорғау органдарына қояр сұрағы барлар жақындап келіп, мәселесін шешуді бастаған. Солардың бірі – Асылбек Жандарбеков. Айтуынша, мұндай мүмкіндіктер күнде туа бермейді.

Асылбек Жандарбеков, қала тұрғыны: «Ашық күнді фейсбук әлеуметтік желісінен біліп келдім. Кеше де достарымнан естігенмін. Келдім, ойымдағы сұрақтарды қойдым. Қанағаттанарлық жауап алдым. Өзімнің атымдағы айыппұлдарды тексертіп алдым. Мысалы, орталықтың өзіне барып тексерудің өзі уақытты алады. Осы жерден тез, әрі ыңғайлы тексердім».

Еліміздің бас полицейінің тапсырмасымен басталған көшедегі қабылдау үш көшеге жайғасқан. Бір бекет орыс драма театрының алдына жайғасса, келесісі «Мега орталық» пен «Север» сауда орталығының алдында қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша келушілер көптеген мәселесін ашық айтуда.

Мұрат Алтаев, Шымкент қаласының полдиция департаменті басшысының орынбасары: «Бұл акция Шымкент қаласының 3 жерінде өткізілуде. Барлық сала қызметкерлерінің қатысуымен өтуде».

Айта кетейік, «Жолда қабылдау» акциясы 2 күнге жалғаспақ. Шенділер жұртшылық сұрақтарына таңғы сағат 09.00-ден бастап, кешкі сағат 19:00 -ге дейін жауап береді.Тәртіп сақшыларына қатысты сауалдарыңыз, талап-тілектеріңіз болса мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар.