Шымкенттегі №2 мамандандырылған ХҚКО ашылғанына — 1 ай

547

Шымкенттегі №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ашылғанына — ай толды. Төлеметов көшесінде орналасқан жаңа мекемеде қанша құжат рәсімделіп, қандай қызметтер көрсетілді? Қараша үшін қандай мамандар жұмысқа жұмылған? Бәрінен бұрын, «көлегейлі» делдалдардың жолын кесу мақсатында қандай жобалар жүзеге асып жатыр? Нәтижесі қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп, жаңа орталықтың қазіргі тынысымен танысып қайттық.

Жаңа орталық жұмысын жаңаша үлгіде жолға қойғаны бірден бейқалады. Келушілерді көмекші мамандар есік алдынан күтіп алады. Құжаттарды рәсімдеу де бір жүйеге келтірілген. Бұл жаңашылдық көлігін тіркеуге келген Нартай Жәнібековтің де назарынан тыс қалмады.Нартай Жәнібеков, Шымкент қаласының тұрғыны:»Өзгерістер өте көп. Ғимараттың іші тап-таза. Заманауи жабдықтармен жасақталыпты. Қызметкерлері де лезде көмек көрсетіп, уәжімізге құлақ түріп, жүгіріп жүр. Ал бұған дейінгі ХҚКО-тарында ұзын-сонар кезек күтіп, 2-3 сағатымызды жұмсайтынбыз. Сосын, бір маманнан қажетті сауалыңды сұрасаң, екіншісіне жұмсайды, ол үшіншісіне деген сияқты. Тұрғындар  кезекке таласып, өзара келіспей қалатымыз да бар-тын. Ал мұнда бәрі түсінікті. Небәрі 25 минуттың ішінде қажетті құжатымды рәсімдеп, үйге қайтып барамын».Жүргізуші куәлігін ауыстыру, көлікті тіркеу, қайта тіркеу қызметтерінің бәрі осында көрсетіледі. Орталық қызметіне жүгінгендерді бір мезетте 20 маман қабылдайды. Ортада жүретін делдалдар да керекіз боп қалды.

Сейдулла Абдуразахов, №2 мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысының орынбасары:»Делдалдар немесе «помогайка» дегендердің жолын кесу мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Бастысы, нәтиже бар. Яғни, барлық жұмыстар заң аясында жүруде. Ал келген тұрғындар үшін тез арада қажетті құжаттарын тіркеп немесе рәсімдеуге жағдай жасалған. Күту залында көп дегенде 15 минут күтіп, барлығы 30-35 минутта қажетті құжаттарына қол жеткізуде».

мүгедек жандарға арнайы әжетхана 

№2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында бір айдың ішінде 7000-дай құжат рәсімделіпті. Бұл — күніне үш жүзге жуық адамға қызмет көрсетіледі деген сөз.

Айта өтетін ақпарат, бұл орталық қаладағы «Қайтпас-2» шағынауданы, Төлеметов көшесінде (процессингілік орталық жанында) орналасқан. Аптасына 6 күн жұмыс істейді.

Мөлдір Бекеева