Шымкенттің полицейлері жасөспірімдермен жұмысты жандандыруда

685

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ЖПҚ қызметкерлерімен 10 сәуір күні полиция қызметкерлерінің бастамасымен Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия оқушылардың қатысуымен «Жасөспірім және қылмыс», «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыптары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында әлеуметтік желінің шырмауына түспей, қажетті ақпараттарды ғана пайдалану керектігі туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай – ақ, сәуір айында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстың және құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында қаладағы колледж және мектеп оқушыларымен кездесті.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 2 сәуір күні Шымкент қаласындағы Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінде Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері «Есірткі тұтынудың зияны мен қатерлі зардаптары», «Есірткі қылмыстарының жауапкершіліктері», «Өз денсаулығының өз қолыңда», «Салауатты өмір салтын ұстан» тақырыптары бойынша студенттерге баяндама жасады. Студенттердің қойған сұрақтарына полиция қызметкерлері толыққанды жауап берді.