Úı ANONS «Бәйдібек ата» су қоймасы пайдалануға берілуге жақын

«Бәйдібек ата» су қоймасы пайдалануға берілуге жақын

Түркістан облысында жаңа «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын енгізу және су нысандарын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде өңірдегі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеуде. Ал жаңа нысанның құрылысы тұрақты бақылауда.  Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров су қоймадағы құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы жауапты мамандарға құрылысты белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

 

«Бәйдібек ата» су қоймасының жобалық құны 15,7 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «МК Технострой сервис» ЖШС мердігер мекемесі іске асыруда. Қойма 680 гектар аумақта орналасқан. Ал сыйымдылығы 67 млн м3. Қоймаға келетін су көзі Бөген өзенінен алынады. Оған қоса канал аумағында 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтылады».

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

Айта кетейік, жаңа су қоймасы көктемгі тасқын сулардың алдын алуға, артық суды жинақтап, суару маусымында тиімді пайдалануға және қажет болған жағдайда «Бөген» су қоймасын сумен толықтыруға мүмкіндік береді дейді жауаптылар.

 

Нұргүл Жолымбетова