Түркістан облысында алдағы үш жылда 20 мектеп салынады

384

Алдағы үш жылда Түркістан облысында 20 мектеп салынады. Олардың 6-уы биыл пайдалануға тапсырылады.

Ал Шымкентте 9 мектеп салынып, 6-уы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Бұл туралы туралы еліміздің бас педагогының өңірімізге жасаған іс сапарында айтылды.

Оқушылар жаңа мектепте жаңа партаға жайғасты

Айта кетейік, тәуелсіздік алған жылдары республикада 1672 мектеп салынса, солардың 521-і оңтүстік өңірінде бой көтерген. Жаңа ғимараттар апатты және үш ауысымда оқытатын білім ошақтарын алмастырған.

Күләш Шамшидинова, ҚР білім және ңылым министрі

Күләш Шамшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі: «Бұдан былай бастауыш сыныпта оқушылардың қазақ тілін үйренуіне басымдық беріледі. Ал жаратылыстану пәндері 10-11 сыныптарда жүргізіледі. Басты басымдық – оқушының алған білімін өмірде қолдануына, ой өрісін жан-жақты жетілдіруіне, өз бетінше шешім қабылдап үйренуіне беріледі. Жаңа талаптар бойынша мектептердің материалдық базасы нығайтылады. Сондай-ақ, 144 мың мұғалім, 82 мыңға жуық психолог-маман мен сынып жетекшілері арнайы бағдарлама аясында курстардан өтеді».

Шынар Оразова