Úı Jańalyqtar Түркістан облысында бұршақ жауады

Түркістан облысында бұршақ жауады

фото Qasym.kz

Сәуірдің 24-і күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Оңтүстікте мол көлемде жауын жауып, елдің батысында ғана жауын жаумайды.

Еліміздің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы да ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.