Түркістан облысының судьялары марапатталды

565
Түркістан облыстық сотының ұжымы 1- мамыр Қазақстан Республикасының Ынтымақтастығы күні мерекесін атап өтті. Түркістан мәдениет сарайында өткен салтанатты жиынға ардагер судьялар арнайы шақырылған.
Жиын алдында облыстық соттың төрағасы, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Түркістан қаласына келген ардагер-судьяларды «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралап, бабалар рухына арнап құран бағыштады.
Салтанатты жиынды Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Баратбеков ашып, жиынға келген қауымды 1 мамыр – Қазақстан Республикасының Ынтымақтастығы күні мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиында мерекелік марапатқа ие болғандар да бар.
Облыстық соттың төрағасы Т.Баратбековтың «Құрмет грамотасымен» ардагер судьялар М.Ертаев, Б.Темір және Ә.Өсімбек, облыстық сотының судьясы Ә.Рахымбаев, Шардара аудандық сотының төрағасы А.Нәлібаев, Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы М.Сәрсембаев, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Мадалиев, өз қызметтерін үлгілі орындап, мінсіз атқарған қызметі үшін Түлкібас аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы Б.Панаев, Түркістан қалалық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Ш.Искаков, Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы А.Туримбекова марапатталды.
Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Н.Оразғалиева өз қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, мінсіз атқарғаны үшін Төлеби және Арыс аудандық соттары кеңселерінің бас мамандары Б.Тілеген мен А.Үйсімбаевқа, Кентау қалалық сотының аға приставы Н.Ашировқа «Алғыс хат» тапсырды.
  Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

Жанар Есенбекова