«Қызғалдақ жолы» фестивалі өтеді

491

Шымкент қаласы әкімдігі 2019 жылдың 27 сәуірінде Шымкент қаласында «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтетіндігі жайлы хабарлайды.

Іс-шара аясында фестивальге қатысушылардың шеруі, «Қызғалдақ жолы» театрландырылған қойылымы, «Қызғалдақ жолы» суретшілер туындыларының көрмесі, флористер байқауы және фотокөрме, «Fashion Tulip» сән көрсетілімі, балалар суреттерінің байқауы, флеш-мобтар, қалалық және республикалық масштабтағы әртістер мен вокалистердің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Барлық іс-шара «Қызғалдақтың құпиясын ашу» ұранымен өтеді.