Атаулы көмекті алу үшін ажырасып жатқандар да бар

182

Шымкенттің халықа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең туды. Бұл Шымкент басшыларын шұғыл жиналуға мәжбүрледі. Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай қалудан қауіптенген аналардың дүрліккені сонша, ертелі кеш кезекте тұруға дайын.

Мерзімнің 20-мамырға дейін екенін естіген олар тіпті қызмет орталықтарында түнейтін болған. Себебі, көбейген кезектен тіркеу жұмыстары түнгі 24:00 – де басталады екен.

Мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өсуімен оны алғысы келетіндердің саны да күрт өсіп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кептелген кезекке тіркелу үшін түнде келуге мәжбүр.

Аналардың мұндай дүрбелеңі жалған ақпараттан басталды. Мерзімнің аз қалғанын айтқан маман сөзі құжат тапсырушылардың орталыққа жаппай келуіне себеп болып отыр. «Құжат тек 20 мамырға дейін қабылданады» деген жалған ақпарат аналарды тіпті дүрліктіріп жіберді. Бұл шаһар басшыларын шұғыл жиналыс жасауға мәжбүрледі. Ал, әкім орынбасары әлеуметтік желі арқылы жұртқа үн қатты.

Қазаннан қақпақ кетіп еді, атаулы әлеуметтік көмекке шын мұқтаждардан бөлек бюджеттің ақшасына ортақтасқысы келетіндер де табылып жатыр. Тіпті оңай ақшаны алу үшін ажырасып жатқандар да бар екен.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар жыл бойына қабылданады. Ал, сәуір айынан бері Шымкенттің 27 000 жанұясы өтініш берген. Олардың 25 890 мемлекет қолдауын көретін болады.

Назерке Үкібасова