Қазақстанда көпір ұрлаған адам сотталды

106
фото inform.kz

Жаңаөзен қалалық сотында көпір ұрлаған азаматтың ісі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстың сотының сайтына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, ұры Жаңаөзен қаласындағы теміржол бекетінің №13 өрт сөндіру бөлімінің күзетілетін аймағындағы көпірді жүк көлігіне тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан.   Ұзындығы – 14 ені мен  биіктігі 2 метр, жалпы салмағы 12 тонна тартатын көпір «Қазақстан темір жолына» тиесілі болған.

Осылайша Б. аталмыш мекемеге  708 750 теңге материалдық залал келтірген. Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Б.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 505000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Ұрланған көпір мекемеге қайтарылды.  Үкім заңды күшіне енген жоқ.