Қазығұртта 35 млрд. теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

335

Қазығұрт ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 35 млрд. 508,4 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102 пайызды құраған. Жыл соңына 40 млрд. 421,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Өңірде 2018 жылы егіс көлемі 83 983,1 гектарды құрап, 13 500 гектар суармалы жер толығымен игерілген. 2019 жылдың Ітоқсанында егіс көлемі 74413,4 гектарға жетіп, жыл соңына 84000 гектарды игеру межеленіп отыр. Ал суармалы 13 500 гектар жердің 6780 гектары игеріліп, жыл соңына 100 пайыз орындалатын болады. Тамшылатып суғару әдісі биыл өңірде 4048 гектарға ендірілмек.

Бұдан өзге, ағымдағы жылдың І тоқсанында 9,1 гектарға қосымша жылыжай ұлғайтылып, оның жалпы көлемі — 139,1 гектарға жетті. Осы жылыжайлардан 2018 жылы 38,8 мың тонна, 2019 жылдың І тоқсанында 9,7 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. Сондай-ақ, 2018 жылы дәндік жүгеріден — 2570 тонна, көкөністен — 51500 тонна, бақшадан – 14 200 тонна өнім жиналды. Ал масақты дақылдардан 103 052,3 тонна өнім жиналды. Бидайдың орташа өнімділігі 24,5 центнерге артты. Ауданның көкөніс, бақша дақылдары отандық нарықтан өзге Өзбекстан, Ресей,Қытай, Иран мемлекеттеріне де экспортталды.

Бүгінгі таңда «Қазығұрт» Индустриалдық аймағында жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылып, 2018 жылдың қараша айында «Көрік ШҚ» ЖШС-ның құны 589 млн. теңгелік «Алкогольсіз табиғи шырын сусындар шығару» жобасы іске қосылды. Ал 1 жоба 2019 жылы, 2 жоба 2020 жылы іске қосылуы жоспарланған.

Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар. 2018 жылы ауданымыздағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 7 млрд. 427,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,2% құраған. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемін 6885,1 млн.теңгеге жеткізіп, нақыт көлем индексін 104,5 пайызға орындау жоспарлануда.

Аудандағы шағын және орта бизнес саласында өткен жылы 32 шағын жоба іске қосылып, 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 7792 жетіп, жоспар бойынша 121,1 пайызға өскен. Осы бағытта аймақта 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі 50 млрд. 723,3 млн. теңгені құрады.