ХҚО филиалдары – жаңа мекенжайда

166
фото shymkent.gov.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қалалық филиалының бірқатар фронт-офистері жаңа ғимараттарға көшті. Атап айтқанда Шымкент қалалық филиалдың көші-қон бойынша ХҚО азаматтарды Ғ.Орманов көшесі, 26-ғимаратта қабылдайды.

Ал С.Бәйтереков көшесі, 89-ғимаратта болып келген Әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисі Мәдtлі қожа көшесі, 1/16 мекенжайына көшті. Мұнда мемлекеттік қызметтерді сапалы қамтамасыз ету үшін барлық жағдай қарастырылған. Қолайлы автотұрақ та бар.

Екі фронт-офис те дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласында 10 фронт-офис жұмыс істейді, оның ішінде мамандандырылған және көші қон ХҚО бар.