Úı ANONS Сарыағашта еліміздегі ең алғашқы «ақылды жаяу жүргінші жолы» пайдалануға берілді

Сарыағашта еліміздегі ең алғашқы «ақылды жаяу жүргінші жолы» пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында smart city — Saryagash жобасы әзірленген болатын.

Осы жоба аясында бүгінгі таңда елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы салынып, пайдалануға берілді. Бұл жаяу жүргінші жолының ерекшелігі- жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Атап айтқанда, жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.