Сауда орталығындағы «өрт» сөндірілді

226

«Шымкент плаза» сауда орталығының жұмысшылары бүгін таңертең бір сағатқа жұмыстарын тоқтатуға мәжбір болды. Орталықта төтенше жағдай жөніндегі департамент арнайы оқу жаттығу өткізді. Оның шарты бойынша сауда нысанында электр желісінің тұйықталуы салдарынан өрт шықты.

Тілсіз жаумен күресуге Төтенше жағдай департаментінің 11 техникасы мен 50 -ден астам қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде 48 мың шаршы метр аумақты алатын сауда орнындағы өрт тез арада сөндірілді. Бұл ТЖД биылдыққа өткізген 9-шы оқу-жаттығу шаралары болатын.

Аманбек Бейсенбаев, қызметкер: «Орталықтың барлық гидранттары жұмыс істеп тұр. Сол себепті өртті тезірек сөндіруге мүмкін болды».

Сауда орталығы мамандарының айтуынша бұл жерге күн сайын 15 мыңнан астам адам келеді. Орталықта күндіз 200, түнде 30 қызыметкер жұмыс істейді. Сол себепті мұндай нысандар оқыс жағдайда қауіптің алдын алуға дайын болуы керек.

Өртті сөндіру үшін бірінші кезекте нысан электр жарығынан ажыратылды .Сауда орталығындағы халық тез арада сыртқа шығарылып, дабыл қағылды. Арнайы штаб құрылып өрт сөндірушілердің жұмысы орталықтан басқарылып отырды .
Шартты түрде орын алған өрттің таралуын тежеу үшін мамандар шұғыл әрекет жасапды. Бүгінгі оқу тактикалық жатығу жоғарғы деңгейде өтті деп бағаланды.

Нұрлан Күдерұлы