Шығыс жекпе-жек шеберлері Шымкентте бас қосты

139

Джиткундо спортынан басталған бәсеке қауымдастықтың ашық чемпионаты. Онда қатысушылар 3 жас ерекшелігі бойынша өзара мықтыны анықтауға жиналған. Басты жүлде титулды белбеу.

Тор ішінен жеңіспен шығу үшін қарсыластарына аяушылық білдірмейтін бұл спортшылар еліміздің әр аймағынан келген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз бен шымкенттіктердің жас ерекшеліктері де сан алуан. 7 жастан 30 жасқа дейінгі спортшылар жиналған бәсекенің деңгейі де төмен емес. Топ жарғандар халықаралық турнирге жол тартады деп жоспарланып отыр.

Турнирде ел үздіктерінен бастап Әлем мықтылары да сынға түсті. Солардың бірі жерлесіміз — Мелс Тұрсынбек. Айтуынша осыған дейін аталмыш аламанда қала намысын қорғаған. Үшеуінде де жеңіске жеткен джиткундошы жолдама берілетін Бұқарадағы халықаралық сайыста да ешкімге есе жіберіп көрмепті. Ал, соңғы қатысқан Әлем біріншілігінде алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, сайыста сәтті өнер көрсеткен спортшылар Бұқарадағы халықаралық турнирге қатысады. Өткен жылы аталмыш жарысқа 5 бірдей шымкенттік жолдама алған еді. Және барлығы да Өзбекстаннан жеңіспен оралды.

Назерке Үкібасова