Шымкенттік жол сақшылары автокөліктердің терезелерін қараңғылауға қарсы рейд өткізді

214

«Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық полиция департаментінің жол полициясының қызметкерлері автокөлік терезелерін қараңғылау деңгейін тексерді.

Рейд кезінде полиция қызметкерлері жүргізушілерді «Мета» маркалы тоник құрылғымен таныстырды, ол терезелердіге жарық түсуін өлшейді. Ережені бұзған жүргізушілердің көпшілігіне ескерту жасалды және өрескел заң бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Рейдте әлеуметтік желі белсенділері Руслан Жанпейісов, Айгүл Орынбек, Денис Шевченко және «U: Project» жастар ұйымының өкілдері белсенді қатысты.