“Қазіргі таңда «Shymkent» ӘКК жолаушылар көлігі басқармасымен бірлесіп қоғамдық көлікті жаңартуды қажет ететін бағыттарды анықтауда. Бұл ретте біз сіздердің пікірлеріңіз бен тілектеріңізді барынша ескергіміз келеді. Сондықтан осы посттың астына автобустарын жаңартуды қажет ететін бағыттарды, мекен-жайларды жазуларыңызды өтінеміз.
Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынады және тиісті мамандарға жолданады”.
Мұндай ұсыныс facebook әлеуметтік желісінде жарияланды. Қоғамдық көлік саласының қордаланған мәселесі шаш етектен құсайды. Шымкенттіктер жаппай пікір білдіруде.