Түркістан облысында егістік жер көлемі ұлғаюда

575

Қазақстанда суармалы жерлерді қалпына келтірудің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша Түркістан облысында жоспарлы іс — шаралар қолға алынған.

Егістік жер алқаптарының көлемін ұлғайту бағытында Дарбаза сай, Шошқа көл, Иқанда жаңа су қоймаларының құрылысы көзделген және облыс орталығы Түркістан аумағын ағын сумен қамту мақсатында Кентаудағы Қошқорған су қоймасын қалпына келтіріледі.

«Су қоймасында жинақталған су Сырдария өзеңі төңірегіндегі Түркістан, Отырар ауданы мен Арыста егістік жерлердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді» дейді сала мамандары. Оңтүстік өңірінде ағын су тапшылығынан шіліңгір шілдеде шығынға батқан өңірлердің күрделіктері ескеріліп су қоймалары салынуда.

Болат Әлиақпарұлы

Болат  Әлиақпарұлы, Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы: «Қазақстанда 600 мың гектар суармалы жер бар. Түркістан облысында 95 мың гектар суармалы жер тіркеуде».

Арыста игерілмеген жерлер жеткілікті. Бүгінде ауылдағы ағайын түрлі дәнді -дақылдардан бөлек көкөніс, қарқынды бау, жылыжаймен айналысуда. «Шаруашылықтарды ағын сумен қамту бағытында жоспарлы жұмыстар қолға алынған» дейді әкім мырза.

Мұрат Қадырбек

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі: «Арыс қаласының төңірегінде 28 мың га суармалы жер бар. Көксарай су реттегішінің жанындағы жерлерді игеру бойынша бағдарлама әзірленді. 2-3 жылда 10 мың га жерді игеру жоспарда. Ол жерде сүт фермасы, бордақылау алаңдары салынып тұрғылықты халық жұмыспен қамтылады».

Аймақтар әрбір ауданның мүмкіндігіне қарай дамитын болады. 2028 жылға дейін республика аумағында жаңа суармалы жерлердің көлемі 1,5 млн. гектарға ұлғайса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 253 мың гектарға жеткізілмек: Келес ауданында 70 мың га, Шардарада 40 мың га , Арыста-25 мың га және Қызыл құмда 60 мың га. Оларды игеру мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге аспақ. Бұл мақсатта 135 млрд. теңге қарастырылған.

Шынар Оразова