Түркістан облысында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылды

360
фото Sputniknews.kz.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы №6-ө Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының 181- тармағын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 14 мамырында облыс орталығы Түркістан қаласы,160 квартал №209 мекен-жайында Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы ашылмақ.

Осы орталықты ашылудың бастапқы себебі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтардың тарапынан жұмсалатын уақытты үнемдеу (3-5 күннен 1 күнге дейін). Отралықта Түркістан қаласы тұрғындарына уақытша тіркеуге келген шетелдіктерді есепке алу және жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге келген еңбек иммигранттарына рұқсаттар ресімдеу жұмыстары жүргізілмек.

Бұдан бөлек, осы орталықта шетелдік еңбек иммигранттарына медицина қызметі, кірістер басқармасы, 2-ші деңгейлі банк өкілдерінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясы ҚЕАҚ бойынша филиалының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Азаматтардан құжаттарды қабылдау, оларды ресімдеу және дайын құжаттарды беру жұмыстарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпарациясының қызметкерлерімен жүргізіледі. Полиция қызметкерлері мен құжаттарды өткізетін азаматтар арасында байланыс болмайды. Көші-қон қызметі бөліністерінің қызметкерлері тек осы қабылданған құжаттардың сәйкестігін тексеріп, бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізумен шектеледі. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны жоюға ықпал жасайды.