Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді құрықтады

188

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғыннан мал ұрлығына қатысты хабарлама келіп түседі. Арызданушының мәлімдеуі бойынша үйінің ауласында орналасқан мал қорасынан белгісіз біреулердің 2 бас малды ұрлап кеткендігі жайлы арызданады. Болған жайт ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша Төлеби АПБ-нің СДТБТ тіркеуге алынды.

Мал ұрлығы қылмысын жедел ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Төлеби АПБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Білікті полицейлер жақын маңның барлығын аралап, мал тасымалдайтын автокөліктерді тексеріп, аймақтарды тінтіп шығу бойынша бірқатар шараларды іске асырды.

Атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер мал ұрлығына қатысы бар көршілес тұрған ауылдың 2 тұрғынын құрықтады. Тергеу барысы көрсеткендей, күдіктілер мал қорадан бұқа мен бұзауды түнгі уақытта ұрлап, өздерінің арам пиғылдарын іске асырған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгені құрап отыр.

Төлеби АПБ полицейлерінің «шұғыл із кесуі» бойынша жүргізген мал ұрлығына қарсы іс-шарасының нәтижесінде, ұрлық қылмысы жедел түрде ашылып, малдар заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарын қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болуын ескертеді. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітілуі, малдарға қажетінше ен салынып, таңбалануы қажет. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырыған жөн. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз жөн.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі