Тәртіп сақшылары өзін-өзі өлтірмекші болған жас әйелдің өмірін құтқарып қалды

197

6-мамыр күні сағат 18:50 шамасында Сарыағаш АПБ-не, Сарыағаш теміржол вокзалының жаяу жүргіншілердің өтуіне арналған теміржол торабының үстінен өткен көпірде бейтаныс азаматша өзін-өзі өлтіру мақсатында секірмекші болып тұрғаны туралы хабар келіп түседі.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбілдер тез арада барды. Жедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап қалды. Және шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып барды. Бұл медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, оны содан кейін туыстарына тапсырды.

Аталған жайт ҚР ҚК –нің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде барлық болған оқиғаның жағдайының себептері анықталуда.

Өз кезегінде, Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбековке, полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа мен Хасан Әбілдерге және басқа да полиция қызметкерлеріне жедел шара қолданғаендығы үшін және кәсіби шеберліктеріне әйелді суицидтен құтқарғандары үшін алғыс білдірді.