Ауған ардагеріне ескерткіш тақта орнатылды

198

Өз өмірін әскерге арнаған Юрий Сидых Шымкенттегі №34 мектептің түлегі. Алматы шекарашылар училищесін тәмәмдаған ол көп жыл бойы шекара қызметінде болды. Генерал полковник шеніне дейін көтерілді.

Ауғанстан, Ашхабад, Румыния, Молдава елдерінің шекараларында қызмет жасады. 1968 жылы дүниеге келген азамат 50 жасқа қараған сәтінде дүниеден өтті.

Өз сыныптастары естелік ретінде мектеп қабырғасына тақтайша орнатты. Ашылу рәсіміне келген жолдастары, туыстары Юрий Викторовичтың шекара қызыметіндегі ерліктерін дәріптеп, жастарға үлгі етті.

Нұрлан Күдерұлы