Шымкенттегі №34 мектеп жаңа оқу жылына дайын

847
Шымкенттегі №34 мектеп жаңа оқу жылына дайын

Шымкент қаласында жаңа мектеп ашылды. Юрий Гагарин атындағы №34 мектеп жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға өз есігін ашуға дайындалып жатыр. Бұл мектептің құрылысы 2015 жылы басталған болатын.

Құрылыс 1 жылдан кейін аяқталып отыр. Енді оқушылар жаңа оқу жылын ескі емес, заманауи технологиялармен жабдықталған сыныптарда өткізеді. Екі қабатты жаңа мектеп құрылысына екі жыл қажет болды. Ал ескі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыстың ұзаққа созылуына мердігер компаниялардың ауысуы себеп болған.

Жанат Қалтаева, мектеп директоры: «Бізге «Астана Авто строй» мердігер компаниясының өкілі келіп, тендерді ұтып алғандарын айтты. 2015 жылы құрылысты бастады. Бірақ тоқтап қалды. Кейіннен тендерді «Шымкент строй» ЖШС ұтып алғанын білдік.»

Бастапқыда құрылысты «Астана-Авто-Строй» жүргізіп жатты. Аталған компания жүктелген міндеттерді орындамағандықтан, жыл соңында онымен шарт үзілген. 2016 жылдың тамыз айында жоба «Шымкент строй» компаниясына өтті. Олар мектеп құрылысын жалғастырып қана қоймай, алдыңғы компанияның кемшіліктерін өздері түзепті.

«Шымкент строй» компаниясының өкілдері барлық кемшіліктер бірнеше күнде жойылады деп отыр. Құрылыстың аяқталып жатқанына ең алдымен жергілікті тұрғындар қуанышты. Құрылыс басталмай жатып, жоғарғы сынып оқушылары алыс мектептерге қатынайтын. Ал төменгі сынып оқушылары үш ауысымда оқуға мәжбүр болған. Енді, міне, жаңа мектепте 900 бала білім ала алады. Мемлекет тарапынан құрылысқа 700 млн теңге бөлініпті.