Аулаларды аббаттандыру жұмыстары басталды

262

Шымкентте мемлекеттік жеке меншік әріптестігі арқылы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды . 2019-2024 жылдарға арналған бағдарлама әзірге тек Еңбекші ауданында жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің тапсырмасына сай алдағы уақытта қаладағы өзге де аудандарды қамтитын бағдарламаның тиімділігі көп.

Тоғыс елді – мекеніндегі бұл спрот алаңшасының ерекшелігі 4,5 мың шаршы метр аумақта кіші футбол, волейбол, баскетбол және балалар алаңы мен жеңіл атлетикаға арналған жолақ салынады. Мердігерлер тап осындай құрылысты Еңбекші ауданындағы Шымкент қаласының аумағына Төлеби мен Сайрам аудандарынан қосылған 16 елді мекеннің 70 пайызына жасайтын болады.

Бүгінде 70 балалар алаңшасын салу жоспарланған. Ол үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланыпты.

Бағдарлама арқылы биыл Еңбекші ауданы бойынша жаңа 33 спорт алаңшасы салынып, ескі 25 алаңша қайта жөндеуден өткізіледі. Оған қоса 8 тренажер алаңы жасақталып, бұзылған 5 жаттығу алаңы қайта жаңғыртылады. Одан бөлек, қосымша 20 балалар алаңшасы салынады деп жоспарланып отыр. Осы 5 жылға арналған бағдарламаға бюджеттен 1 млрд. 210 миллион теңге қаражат қаралған. Аудан басшылығы және 70 алаңшаның ЖСҚ даярлап қойыпты

Бұл бағдарлама Шымкент қаласы бойынша алғаш қолға алынып тек Еңбекші ауданы бойынша жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы үшін көпқабатты үй аулаларын көріктендіру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болғандықтан, шаһар әкімі өзге үш ауданға да осындай бағдарлама арқылы жұмыс жасауға тапсырма берді .

Бағдарлама төрт ауданда да толығымен іске асырылған соң, қаладағы спорт және балалар алаңшаларына жауапты мекеме анықталады.

Нұрлан Жаңабай