«Автокөліктерге жол бер» акциясы өтті

205

Төлеби ауданының № 5 өрт сөндіру бөлімі «Автокөліктерге жол бер» атты акциясын өткізді. Арнайы өрт сөндіру көліктеріне жол бермеген жеке көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара барысында төтенше жағдайларға дайындық пысықталды.

Суға шомылу маусымының басталуына орай аудан тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Досмұрат Ордабаев, Төлеби ауданы № 5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы: «Бүгінгі таңда Төлеби ауданы, Леңгір қаласында Төлеби аудандық № 5 өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлерімен және жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен арнайы «Автокөліктерге жол бер» акциясы өтіп жатыр».

Жолда жеке көлік жүргізушілерінің арнайы өрт сөндіру көліктеріне жол бермей жатқанын көреміз. Өрт сөндірушілерге әрбір секунд маңызды. Өйткені, санаулы уақыттың ішінде көптеген қауіптің алдын алуға болады.

Олжас Айдарбек