Біркөлік шатқалына демалуға келген 25 жастағы жігіт қайтыс болды

573

Біркөлік шатқалына демалуға келгендердің арасында 25 жастағы жігіт қайтыс болды. Демалушы топта 11 адам болған.

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі,​ Біркөлік аумағында 15 маусым күні сағат 22:00 шамасында 1994 жылы туған жігіт пен 1997 жылы туған қыз бала жоғалып кеткен. Бұл туралы 16 маусымда сағат 00:10-да «112» құтқару қызметінің пультіне хабарлама кеп түскен. Демалушылар тобында 11 адам болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар күні түні іздеп,​ тек кешкі жетілер шамасында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін тапқан. 25 жастағы жігіт Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 м биіктіктен құлап,​ ағаш бұтақтарында ілініп қалған.​ ​ Жоғалған 1997 жылы туған қыз шатқалдан өздігінен түскен. Қазіргі таңда 22 жастағы​ қыз ауруханаға жатқызылған.​ ​

Іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы, Түркістан облысы Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ №2041 ӘБ 4​ әскери қызметкер, 1 ит жұмылдырылған.
Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасағы тауға шығар алдында міндетті түрде​ өз маршруттарыңызды ойластырып, топты тәжірибелі инструктор алып жүргені абзал деп ескертеді.​ Тау қателерді кешірмейді!

Жанар Есенбекова