«Blogcamp: жазғы мектеп» шарасы өтпек

502

Тамыздың 18-19 жұлдызында Біркөлік тау шатқалында «Blogcamp: жазғы мектеп» шарасы өтеді. Шараға Ерлан Оспан, Назым Жанғазинова, Томас Хельм секілді журналистика, PR саласындағы белгілі мамандар тренинг өткізеді.

Тақырып та сан алуан. «Сауат мәселесі», «Қазақстандағы PR эволюциясы», “Медиа менеджменттегі дағдарыс» атты дәрістерге қатысуға болады.

Негізгі контингент – журналистер, блогерлер, медиа саласының мамандары мен студенттер болмақ. Дегенмен тақырыпқа қызығушылық танытқандардың барлығы да қатысуына мүмкіндігі бар. Шара ақылы: бағасы 15 000 теңге. Аталған саладағы білім көкжиегін кеңейтіп, пікір алмаспақты құп көргендер Біркөлікке жол тартса болады.