Көше бойында жалдамалы пәтер ұсынатын 4 адам жауапкершілікке тартылды

118

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Республика, Ә.Жангелдин және Т.Айбергенов көшелеріндегі тәуліктік пәтерлерді жалға беру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан да наразылықтар айтылуда.

Осыған орай, «Шымкент – қауіпсіз қала» жол картасы аясында және Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің ұйымдастыруымен кезекті рет іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, аталған көшелерді 20 учаскелік полиция қызметкерлері және 6506 әскери бөлімінің «Ұлттық ұлан» сарбаздары тұрақты түрде бекітіліп, аралауда. Сонымен қатар, әрбір пәтер иесін анықтап, жол бойында кілт айналдырып тұрған 4 тұлғаға ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушыдық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табады. Бұл өз кезегінде қаламыздың дамуына, қауіпсіздігіне және санитарлық тазалығына септігін тигізуі сөзсіз.

QAINAR KÓZӘл Фараби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі