Түркістан облысын дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта өзгерді. Қаржы көлемі 1,2 триллион теңгеге артты. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 — сессиясында белгілі болды.
Сессияның қарауына 20-ға жуық мәселе ұсынылды. Халық қалаулылары алдымен Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының есебін тыңдады. Қоршаған ортаны қорғау саласында түйіткілдер жетерлік. Салаға жауаптылардың айтуына қарағанда соңғы 3 жылдың ішінде мыңнан аса заңбұзушылық орын алған.
Сала басшысы халық қалауылары тарапынан айтылған сын ескертпелердің ескерілетініне сендірді. Сондай-ақ, сессияда облыстың алдағы 3 жылдық бюджеті нақтыланды. Өңірдің даму жоспарында туризм саласына басымдық беріліп отыр. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қаралған қаражат қомақты.
Депутаттар Мақтаарал, Сарыағаш аудандарындағы ауылдық округтердің шекарасына өзгертулер енгізді. Бұдан бөлек су қорын пайдаланудың ортақ талаптары бекітілді.
Шынар Оразова