Шымкент қалалық әкімдігі тұрғындарды күнделікті қабылдайтын болады

140

Жаңадан ашылған «Ашық әкімдік» кеңсесіне өз өтінішіңізді немесе шағымызды қалдыруға болады. Азаматтар аудан әкімдерінің, қала басшысының орынбасарларының қабылдауына жазыла алады. Өтінімді онлайн режимде жіберу мүмкіндігі де қарастырылған. Қабылдау таңғы 9:00- ден кешкі 19:00-ге дейін жүргізіледі.

Еркеғали Әлімқұлов, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы: «Мұнда әрбір азамат өз өтінішін қалдыра алады, немесе бір терезе арқылы талон алады және оған қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Қала әкімінің орынбасарларымен немесе аудан басшыларымен кездесу үшін енді өтініш қалдыра аласыз. Ал Шымкент қаласының әкімімен кездесуге әкімдіктің сайтында өтініш қалдыруға болады».

Айя Мүтәлі