Шымкентте шұғыл штаб жұмыс атқаруда

163
https://www.youtube.com/watch?v=JJ6l0tKJO40
Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб жұмыс істеуде

Арыста орын алған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылған.

Оның құрамында департаменттің  әскери мамандары, қалалық әкімдіктің  қызметкерлері, «ҚТЖ» АҚ  өкілі бар.  Қауырт желіге  сағат 13:00 – ге дейін 700-ге жуық қоңырау түскен.

Тұрғындар Арыстағы жарылысқа қатысты ақпарат, туыстарының жағдайына алаңдаулы екендіктерін жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, «қауырт желі»  байланыс телефондары 44-94-72, 35-33-66

Зарипа Тұрысбекова, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекованың айтуынша бүгінде қалада 15 бекет жұмыс жасауда. №87, 26, Б.Саттарханов атындағы спорт мектебі, «Ақ мешіт» сияқты  эвакуациялық бекеттерде  адамдарды қабылдап, оларды жайғастыруда.

Сонымен қатар, Шымкенттен  Арысқа  100 – ден аса  мамандар мен  10-нан аса техника аттанды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге орналастыру  үшін Арысқа 36 автобус жіберілді. Шұғыл штаб бұдан бөлек, қай жерге өрт сөндіру техникасы, қай жерге құтқарушылар, медициналық көмек қажет екенін тіркеп,  жұмысты үйлестіруде.

Шынар Оразова