Шымкенттегі дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді

1681
фото shymkent.gov.kz

Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Саябақтың жаңа атауы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілді. Аталған саябақ 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастауымен құрылған. 28 мамыр күні жаңа атауы Әділет департаментінде тіркелген дендропарктің қасбетіндегі жазуы да ауыстырылмақ.

Бейбіт Мошқалов, А. Асқаров атындағы дендросаябақ директоры: «Қала әкімінің өзінің келісімдеуімен А.Асқаров атындағы дендросаябақ деп атауын өзгертуге нұсқама беріліп, тиісті жұмыстар басталды. 1,5-2 ай көлемінде қаржы бөлініп, атауы өзгеретін болады».

Меруерт Ахан