Түркістан облысы полицейлері 83 миллионның алаяқтығын ашты

117

Мақтарал АПБ аудандық полиция бөлімінің тергеушілерінің өндірісінде кәсіпкерлікке қаржы құямын деп 83 миллион теңгеге  алаяқтық жасаған 32 жасар ер адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бар.

Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарынан полиция бөліміне шағым түсті. Онда әлде бір танысы оның сеніміне кіріп көлемді ақшасын алып кеткендігі туралы айтылған. Мысалы жәбір көрушінің біреуі Шымкент қаласының тұрғыны 2019 жылдың басында алаяқтық жолмен қызылмияның тамырын сатып оның кәсібіне жақсы табыс кіргіземін деген сылтаумен 30 миллион теңгесін алаяқтық жолмен алдап алғандығы туралы шағым еді.

Ал Мақтарал ауданының басқа бір жәбір көруші тұрғынынан осындай ұсыныспен арам ойлы 16,5 миллион теңгесін жымқырып уәдесін орындамай кеткен. Аталған жайт Мақтарал аудандық полициясының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелген, яғни Қ. Р.Қ.К. 190 «алаяқтық» бабы бойынша тіркелген.

Мақтарал аудандық полицейлері жедел іздестіру шараларының барысында жұмыссыз жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстаған. Тергеп-тексеру барысында қолға түскен күдіктінің алаяқтық 5 жәйтке қатыстылығы және жәбірленушіге 83 миллион теңге көлемінде шығын келтіргендігі айқындалды.

Оқиға былай болған жәбірленушіге қызылмия тамырын сатып жақсы табыс келтіремін деп алаяқ алдау жолымен көлемді ақшаны иеленіп сонан соң оны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Алаяқтық жәйті бойынша жасалған айыптау актсін сотқа дейінгі тергеу материалдарын полицейлер сотқа жолдады. Қазіргі таңда соттың шешімі бойынша 32 жасар азамат 6 жыл бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

 

QAINAR KÓZТО ПД-ның баспасөз қызметі