Жарылыстың салдарынан Арыс қаласынан адамдар қашып жатыр

227

Арыс қаласынан Шымкентті бетке алған көліктерге толы, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасының тілшісі. Арыс қаласында болған жарылыстың салдарынан үрейге бой алдырған көпшілік қауіпсіз аймаққа қарай қашуда.

Арыс – Шымкент тас жолы көлік нөпірінен көрінбейді. Аса қажетті құжаттарын ғана алып үлгергендер бала-шағасымен Шымкентті бетке алған.

Еске сала кетсек, бүгін таңертеңгісін 9:20-да Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясындағы қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылған.