Түркістанда газ баллон ұрлаған күдікті құрықталды

99

2019 жылдың маусым айының соңында Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында, ағымдағы жылдың маусымында күндізгі сағат 11-лер шамасында газ құйдыру үшін үйінен баллонын алып шығып, қайта оралғанда газ баллонының бір мезетте белгісіз біреулердің қолды еткендігін айтып көрсеткен.

Аталған жайт, Ордабасы АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Осылайша, өз аумағында ұрлық болғанынан хабардар болған учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Момбаев ұсақ ұрлықты ашуға өзі кіріседі. Ауыл аймақты аралап, тұрғындар арасында сұрақ-жауаптар жүргізеді. Істі толығымен ашып, қылмыскерлерді жазалау үшін тексеріс жүргізеді. Жедел әрекет еткен учаскелік полицей небары бір күннің ішінде қылмыскердің ізіне түсіп, оны құрықтайды.

Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті көше бойында келе жатып, есіктің жанында қараусыз тұрған газ баллонды көргеннен соң оңай олжаға кенелмекші болады. Ойы бұзылған күдікті жан-жағында ешкім болмағаннан соң, бірден газ баллонды жымқырып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Тәжірибелі тәртіп сақшысы құрықтаған күдікті Ордабасы ауданға қарасты ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын екен. Ол бұрын соңды сотталмаған, 48-жастағы ер азамат. Ұсталған азаматтан айғақты зат ретінде 1-дана газ баллон тәркіленді. Бүгінгі таңда жасаған қылмысына өкініш білдірген ер азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатта.
Облыс полицейлері мүлікке сақ болу керектігін, салғырттыққа салынбай барынша мұқият болып, қажетті заттарды көзден таса етпеу керектігінайтады. Егер де осы секілді ұрлық жайттары орын алса немесе құрбаны болсаңыз уақыт жоғалтпай тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласқаныңыз жөн.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі