Құрбысының атынан несие алып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

216

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында құрбысы сеніміне кіріп, өзінің атынан заңсыз онлайн-несие рәсімдегенін көрсетеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Жетісай АПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні 1 күн ішінде ұстайды. Полицейлер тез арада болған істің мән-жайын анықтайды. Тергеу барысында анықталғандай, әйел алаяқтық жолмен құрбысының жеке бас мәліметтері мен банктегі шот нөмірлерін біліп алып, оның атынан 30 000 теңге жедел онлайн-несие алады.

Жәбірленуші техника сататын дүкендердің бірінен ұлына телефон алуға барған кезде, атында қарызы мен үстіндегі пайызы бар екені туралы білді. Қазіргі таңда аталған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқ бұған дейінде ұрлық жасап, сотты болғандығы анықталды. Күдікті қамауда. Полицейлер болған жайттың мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

 

 

QAINAR KÓZ ТО ПД-нің баспасөз қызметі