Құжатсыз қанша уақыт жүруге болады?

354

Өмір болған соң түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Құжат жоғалту соның бірі. Осындай жағдайда не істеу керек? Құжатсыз қанша уақыт жүруге болады? Сізге көмек бергіміз бар. Ендеше біле жүріңіз…
Куәлігіңіз жоғалса жаңасын алу үшін «Азаматтарға арналған үкіметке» құжат тапсыру керек. Оның алдында 1414 нөміріне хабарласып өткізетін құжаттардың тізімін және БАЖ алымының мөлшерін біліп алыңыз.
10 және одан көп күнге дейін құжатсыз жүрген немесе құжатының мерзімі өткен қазақстандықтар ескерту алады.
Егер құжатсыз жүргеніне 1 айдан асса 7 АЕК көлемінде, яғни 17675 теңге (46 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл төлейді.

Жоғалған жағдайда…
Куәлік жоғалған жағдайда:
– жазбаша өтініш (жоғалған жағдайын);
– мемлекеттік баж алымын төлегендігін растайтын түбіртек;
– паспорт (бар болса).
ҰРЛАНСА…
Егер құжатыңызды ұрлатып алған болсаңыз:
– АІІБ ұрланғандығы жайлы анықтама;
– мемлекеттік баж алымын төлегендігін растайтын түбіртек;
– паспорт (бар болса) өткізу керек.
Мемлекеттік баж алымының мөлшері 0,2 АЕК немесе 505 теңге (1,3 доллар).

Жаңа төлқұжат дайын болғанша уақытша куәлік беріледі.
Оның мерзімі – 3 ай.
Жаңа құжат 15 жұмыс күнінде дайын болады. Дайындалу мерзімін қысқарту қарастырылған.

Елорда, Алматы, Ақтөбе, Шымкент үшін:
1 санатты жылдамдық – 1 жұмыс күні – 4983 теңге (13 доллар)
2 санатты жылдамдық – 3 жұмыс күні – 2752 теңге (7,09 доллар).
Облыс орталықтары үшін:
1 санатты жылдамдық – 3 жұмыс күні – 4983 теңге (13 доллар)
2 санатты жылдамдық – 5 жұмыс күні – 2752 теңге.
Облыс аудандары үшін:
3 санатты жылдамдық – 7 жұмыс күні – 1116 теңге.
Құжат қабылданған күн қызмет көрсету күні болып есептелмейді.

Ал төмендегі санаттағылар:
– «Алтын алқа», «Күміс алқа», иелері;
– Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлгендер;
– Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталғандар;
– Чернобль апаты кезінде зардап шеккендер;
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

«Оңтүстік Рабат», №33, 14 тамыз 2019 ж