Арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. Арыс қаласының әрбір тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені «Халық банктің» банкоматтары арқылы алып жатыр.
Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 6 млрд. теңгеге жуық қаржының 2 млрд. теңгесін қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын.
Одан бөлек, 1 млрд. теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлініп отыр.
Мақпал Рысбаева