Халыққа қызмет көрсетемін деп таяқ жеді

201

Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне (инспектор) белгісіз бір азамат қол жұмсады. Оқиға 22 тамыз күні түскі сағат 12 шамасында Еңбекші ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында болған.

Азаматтың кезегі келгенде орталық қызметкері жеке төлқұжатын көрсетуді сұраған. Бірақ құжаты өзімен бірге болмай шыққан. Электронды кезекке тұратын талонды өзімен бірге келген танысының төлқұжаты арқылы алған екен. Инспектор қызмет көрсетуден бас тартқан кезде, азамат қарсылық білдіріп, төлқұжатының көшірмесі арқылы қызмет көрсетуді сұраған.

Мына бейне кадрларда тағы бір айналып келіп екінші рет қызмет көрсетілмейтіні туралы білгенде азаматтың инспекторға қол жұмсағаны анық көрінеді.